Skip links

"ҚазНұр"

гуманитарлық колледжіне 2023-2024 оқу жылына талапкерлерді қабылдаудың үлгі ережелері

1. «ҚазНұр» гуманитарлық колледжіне кәсіптік орта оқу орындарына (бұдан әрі – оқу орындары) Қазақстан Республикасының заңнамасында, халықаралық шарттарда, келісімдерде, сондай-ақ Қазақстан Республикасының білім беру ұйымдарымен жасалған келісім-шарттарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасында тұрақты түрде тұратын азаматтығы жоқ тұлғала; Қазақстан Республикасының азаматы болып табылмайтын ұлты қазақ тұлғалар қабылданады.

2. Оқу орындарына оқуға қабылдау кезінде «Кәсіптік орта және кәсіптік жоғары білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде адамдардың жекелеген санаттары үшін қабылдау квотасын белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2002 жылғы 11 қарашадағы №1188 қаулысымен бекітілген қабылдау квотасы белгіленеді. Ауылдың, селоның әлеуметтік-экономикалық дамуын айқындайтын кәсіптік орта білім берудің мамандықтар тізбесі осы Ереженің 1-қосымшасына сәйкес белгіленді:

Колледжге қабылдау кезінде төмендегідей жеңілдіктер квотасы ескерілді:

3. Колледждің оқу орны азаматтардың өтініштерін күндізгі бөлімге қабылдау 25 маусымнан бастап 25 тамыз аралығында, оқудың сырттай бөліміне қабылдау 25 маусымнан 25 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Оқудың күндізгі бөліміне түсу емтихандары 1 тамыздан бастап, 28 тамыз аралығында өткізіледі.

4. Колледжге қабылдау туралы өтінішке қосымша оқуға түсушілер білімі туралы құжаттың түпнұсқасын, №075-У үлгідегі медициналық анықтаманы, 3х4 көлеміндегі 6 суретті, жалпы білім беретін мектептерінің бітірушілері ұлттық бірыңғай тестілеу нәтижелері туралы сертификатын (бұдан әрі ҰБТ сертификаты) немесе кешенді тестілеудің сертификатын қоса береді. Оқуға түсушінің жеке куәлігі ұсынылады.

5. Түсу емтихандары: - жалпы орта білімі бар азаматтар үшін жалпы орта жалпы білім деңгейіндегі оқу бағдарламалары көлемінде кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

6. Негізгі жалпы білім бар азаматтар үшін түсу емтихандарының нысандары – кешенді тестілеу түрінде өткізіледі.

7. Түсу емтихандарын өткізу кезінде:

8. Бірыңғай талаптарды сақтауды қамтамасыз ету және тест тапсырмаларын (сұрақтарын) бағалау кезіндегі даулы мәселелерді шешу, түсушілердің құқығын қорғау мақсатында оқу орнында апелляциялық комиссия құрылады. Тестілеу емтихандарының нәтижелерімен келіспеген азамат апеллияцияға беруге құқығы бар. Апелляция қабылдау комиссиясына беріледі және түсу емтихандарының нәтижелерін хабарлағаннан кейін бір тәулік бойы өтініш берушінің қатысуымен аппеляциялық комиссия қарайды. Қабылдау ережелері , сондай-ақ өтініштерді қабылдауды ұйымдастыру жөніндегі қабылдау комиссияларының шешімі туралы ақпарат, түсу емтихандарын өткізу жөніндегі кесте , оқуға түскені туралы нәтижелер уақытылы оқуға түсушілердің назарына жеткізіліп отыр.

9. Тестілеу емтихандарын қайта тапсыруға болмайды. Оқу орындарына оқуға азаматтардың өтініштерін қабылдау 20 маусымнан 20 қыркүйек аралығында жүзеге асырылады. Оқудың күндізгі нысанына түсу емтихандары 1 тамыздан бастап, 28 тамыз аралығында, оқудың кешкі және сырттайғы нысанына 1 тамыздан 25 қыркүйек аралығында өткізіледі. Оқу орны жүргізілген пәндер бойынша түсу емтихандарының нәтижелері бойынша немесе тестілеу нысанасында лаынған баллдар (бағалар) негізінде жүргізіледі. Қабылдауға конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген осы Ереженің 14-тармағына сәйкес үш пән баллдарының сомасы ескеріледі.

Осыған байланысты жастарға білім берудегі міндетті бағдарламалармен оқу үдерісін ұйымжастырудың мазмұны мен технологияларын жаңарту мәселесі қолға алынды. Лицензиялау стандарттарына сәйкестігін талдау (студенттер саны, оқытушылар құрамы, оқу құралдарымен қамтамасыз ету, материалдық-техникалық базаның жағдайы) толықтай жүзеге асырылғандығын көрсетті. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі Білім және ғылым саласындағы бақылау комитеті департаментінің 2016 жылғы 16 мамырдағы № 193 бұйрығына сәйкес, 2016 жылғы 24-29 қараша аралығында Алматы мемлекеттік қызмет көрсету колледжіне мемлекеттік аттестаттау өткізілді. ҚазНұр» гуманитарлық колледжі Білім беру мекемесі өзінің даму бағыттары мен миссиясына сәйкес 2016-2021 жылдарға арналған стратегиялық даму жоспарын бекітті.

10. Колледждің оқушылары құрамына азаматтарды қабылдау конкурстық негізде күндізгі оқу бөліміне 20-30 тамызда, сырттай оқу бөліміне 18-30 қыркүйекте жүргізіледі.

Конкурс:

Ағымдағы жылдың ұлттық бірыңғай тестілеу (бұдан әрі –ҰБТ) нәтижелері бойынша берілген сертификаттар баллы негізінде; жоғарғы оқу орындарына түсушілерге арналған кешенді тестілеу нысанында өткізілген түсу емтихандары бойынша берілген сертификаттар баллы негізінде; колледжде жүргізілген тестілеу нәтижесінде алынған баллы (бағалар) негізінде жүргізіледі.

Қабылдау конкурс өткізу кезінде ҰБТ-ны немесе кешенді тестілеу сертификаттарында көрсетілген үш пән баллдарының қосындысы ескеріледі. Оқушылар құрамына қабылдауға конкурсқа қатысуға жалпы орта білімі барлар үшін үш пәннен кемінде 30 баллдан жинаған азаматтар жіберілмейді.

11. Қабылдау кезінде көрсеткіштері бірдей болған жағдайда, үздік білімі туралы құжаты бар (аттестат) азаматтардың құқығы басым болады.

Кері байланыс
Қазақша