Колледж туралы пікірлер
«ҚазНұр» гуманитарлық колледжі үлкен өмірдің кілтін қолыма ұстатқан алтын ұя білім ордам. 2017жылы «ҚазНұр» гуманитарлық колледжіне «Бастауыш білім беру мұғалімі» мамандығы бойынша оқуға түстім, қазір үшінші курс студентімін. Білім беру деңгейі жоғары , жоғарғы санаттағы мұғалімдер білім береді. Колледжіміздің ерекшелігі студенттері мен мұғалімдері қарапайым және де адал, колледжімізде пара алу деген мүлде болмайды, мұғалімдеріміз барлық студенттерге бірдей қарайды және де колледжіміздің тағы бір ерекшелігі теорияға қарағанда практика көп болады, іс-тәжірибелеріміз жоғарғы деңгейде өтеді. «ҚазНұр» гуманитарлық колледжі бітіруші түлектерді де жұмыспен қамти алады. Осындай колледжде білім алу мен үшін үлкен мәртебе.
Раматова Раиса
Мен «ҚазНұр» - гуманитарлық колледжінің студентімін. «Бастауыш білім беру» - мамандығын оқудамын. Білім алап жүргеніме міне үш жыл болды. Осы 2020 жылы оқуды аяқтаймын. Үш жылдың ішінде мен көп нәрсені білдім, тәжірибе жинадым. Көптеген жақсы адамдарды, оқытушыларды кездестірдім. Біздің колледжде білімді оқытушылардың саны саусақпен санауға жетпес. Маған жаныма жақын, ерекше, салмақты, түсінігі мол Жанар Ғалымжанова апайымның арқасында мен біраз жетістіктерге жеттім. Өзөзімді ұжымның арасында ұстауды, адамдармен араласуды үйретті. Мен осы колледжге түскеніме өте қатты қуаныштымын. Студенттердің ауыз біршілігі мол, білімге деген құштарлығы, іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуі осы оқутушылардың арқасы. Рахмет сіздерге «ҚазНұр» - гуманитарлық колледжі.
Дүйсенова Қымбат
Мен “ҚазНұр” колледжіне мені үйреткен нәрселері үшін ризашылығымды білдіремін. “ҚазНұр” колледжі – бұл жоғары білім беретін жай ғана жоғары оқу орны емес, одан да артығырақ; шын мәнісінде – бұл бізді бәсекелі ортада қалай тіршілік ету керектігіне, әр түрлі қиындықтарды еңсере отырып, қалаған нәтижені қалай алуға болатынын үйреткен тамаша мектеп. Соынмен қатар бұл – біздің кездесетін, әр түрлі мәдениеттегі, әр түрлі идеядағы әр түрлі адамдармен қарым-қатынасымызды құратын қоғамдастық. Колледж арқылы керемет дүниелерді әліде білеміз деген ойдамын
Қуанбек Жанерке
Менің бұл колледжде білім алып жатқаныма биыл 3-інші жыл. Бұл колледжді таңдағаныма еш өкінбеймін. Колледж білікті, бәсекеге қабілетті мамандар дайындайды. Студенттерге білім беру, тәжірибие, тәрбие жұмыстары жоғары деңгейде өткізіледі. Студенттердің сапалы білім алуына колледж бар жағдайды жасайды. Колледжде пара ұсынылмайды. Бәрі әділ түрде, талқыға салынып шешіледі
Назарбек Балжан
Маған бұл колледж ұнайды. Білім беру деңгейі жоғары. Білікті мамандар сабақ өткізеді. Студенттерге жағдай жасалған. Студенттердің мәдени және адамгершілік дамуына да ден қояды. Теориялық оқу мен істәжірибиенің жоғары деңгейде өтуіне аса мән береді. Білім алушыларға кәсіби бағдар беріледі